"Ұлтына ұлағат қалдырған"
Ұлтына ұлағат қалдырған
А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері ұлы жазушы, сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлтына ұлағат қалдырған» атты әдеби кеш өткізді.
Іс-шара барысында оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері жазушының әдеби шығармаларынан үзінділер оқып, Зейнолла Қабдоловтың «Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек» деген пікірімен толыққанды келісетіндігін жеткізді.
Іс-шара соңына қарай кітап көрмесі құрылды. Жиналған қауымның назарына қаламгердің еңбектері мен аудармалары, оның фотосуреттері мен газетте жарияланған сыни мақалалары ұсынылды. Көрмеге Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», «Тарих тұлғалары», «Қазақ солдаты» кітаптары мен көптомдық шығармалар жинақтары қойылды.
Ұлтына ұлағат қалдырған
Сотрудники городской детской библиотеки им. А. С. Пушкина провели литературный вечер «Ұлтына ұлағат қалдырған», посвященный 120-летию со дня рождения великого писателя, ювелира слова Габита Мусрепова.
В ходе мероприятия читатели и сотрудники библиотеки зачитали отрывки из литературных произведений писателя и процитировали слова писателя Зейноллы Кабдолова «Не надо хвалить Мусрепова. Надо гордиться Мусреповым».
В завершении мероприятия была представлена книжная выставка. Читателям предложены труды и переводы писателя, его фотографии и критические статьи, опубликованные в газете. В частности, были представлены книги: «Ұлпан», «Тарих тұлғалары», «Солдат из Казахстана», и многотомники Г. Мусрепова.
Comments