top of page

"Рәміздер – мемлекеттің төлқұжаты. Величайшие символы страны"

Фото автора: ГДБ им. А. С. ПушкинаГДБ им. А. С. Пушкина


Рәміздер – мемлекеттің төлқұжаты А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері танымдық ойын арқылы еліміздің мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығын көрсетуге тырысты. Жас оқырмандар ойын барысында мемлекеттік рәміздерді атады, Ту, Елтаңба мен Әнұранның шығу тарихына тоқталды, «Менің Қазақстаным, сені мақтан тұтамын!» атты викторинаның сұрақтарына жауап беріп, білімдерін танытты. Қазақстан туралы өлеңдер оқыды. «Радуга» клубының қатысушылары «Миға шабуыл», «Есіңе ал», «Жауап қайтар» ойындарын ұйымдастырды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» кітап көрмесінде тақырып аясындағы кітаптар мен мерзімді басылымдарда жарық көрген материалдар ұсынылды. Мұндай іс-шаралар қатысушылардың танымдық қызығушылығын дамытады, ой-өрісін кеңейтеді, мемлекеттік рәміздерге, еліміздің тарихына, салт-дәстүрлеріне деген құрмет cезімін қалыптастырады. Величайшие символы страны Сотрудники городской детской библиотеки им. А. С. Пушкина в игровой форме показали всю значимость государственных символов нашей страны. В ходе игры юные читатели поделились своими мнениями о значимости символов, отвечая на вопросы мини-викторины «Горжусь тобой, мой Казахстан!», показали свои знания об истории создания Флага, Герба, Гимна, продекламировали стихотворения о Казахстане. Участники клуба «Радуга» подготовили игры: «Мозговой штурм», «Вспоминай-ка», «Отвечай-ка». На книжной выставке «Государственные символы Республики Казахстан» представлены материалы книжных и периодических изданий. Подобные мероприятия развивают у участников познавательный интерес, расширяют кругозор, воспитывают уважительное отношение к государственным символам, к историческому прошлому и традициям нашей страны.


4 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

ความคิดเห็น


Наш телефон:

+7 (7142) 53-03-99

Наш адрес:

110000, Казахстан, г. Костанай, ул. Дулатова, 91 

bottom of page