top of page

"Отбасындағы үйлесімділік – шаңырақ бақыты.Гармония в семье – счастье в доме"

Фото автора: ГДБ им. А. С. ПушкинаГДБ им. А. С. Пушкина

А. С. Пушкин атындағы ҚБК қызметкерлері «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында оқырмандар мен қала тұрғындары үшін «Отбасындағы үйлесімділік – шаңырақ бақыты» атты арт-терезе ұйымдастырды. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы Конвенцияның ережесіне сәйкес жыл сайын халықаралық деңгейде 25 қараша әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні ретінде аталып өтіледі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 25 қарашасы – 10 желтоқсаны аралығында елімізде де акция жарияланған болатын. Акцияның негізгі мақсаты – халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған шаралармен таныстыру. Халықаралық акция аясында зорлық-зомбылықсыз жарқын әлемді бейнелейтін қызғылт сары түске басымдылық беріледі. Іс-шара соңына қарай жасөспірімдер арасындағы, отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын әдеби шығармалар ұсынылды, барлық қатысушыларға ақпараттық парақшалар мен жадынамалар табысталды.

В рамках Республиканской акции «16 дней без насилия» вниманию читателей и жителей города сотрудники ГДБ им. А. С. Пушкина представили арт-окно "Гармония в семье – счастье в доме" В соответствии с положением Конвенции о ликвидации всех форм дискриминации в отношении женщин ежегодно 25 ноября отмечается Международный день ликвидации насилия в отношении женщин. В связи с чем с 25 ноября по 10 декабря 2022 года на территории Казахстана обьявлена акция. Основной целью проведения акции является ознакомление широких слоев населения о принимаемых мерах по профилактике и предупреждению насилия в отношении женщин, охрану материнства и детства, укрепление роли семьи в обществе. Отметим, что официальным цветом международной кампании является оранжевый цвет – символизирующий яркий мир, свободный от насилия. Были даны рекомендации по профилактике насилия среди подростков, профилактике домашнего насилия в отношении женщин в семье, представлены литературные произведения, где описываются и пропагандируются семейные ценности. Читателям были представлены специально подготовленные флайеры, розданы памятки.

5 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Наш телефон:

+7 (7142) 53-03-99

Наш адрес:

110000, Казахстан, г. Костанай, ул. Дулатова, 91 

bottom of page