top of page

Кітапхана қонақтарды қарсы алды

Фото автора: ГДБ им. А. С. ПушкинаГДБ им. А. С. Пушкина

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында Қостанай қалалық білім бөлімінің «Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған № 2 арнайы балабақша-мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушілері үшін экскурсия ұйымдастырылды.

Кітапхана ұжымы жас оқырмандарды асқан ықыласпен қарсы алды, балаларды кітапханада сақталуы тиіс ережелерге тоқталды, кітапханадағы А. Пушкин атындағы музейдің экспонаттарын көрсетті, кітаптармен жұмыс жасауға, кітаптарды таңдауға үйретті, «абонемент», «оқу залы», «формуляр» ұғымдарымен таныстырды.

Жеткіншектер А. С. Пушкиннің ертегілері бойынша қойылған жұмбақтардың шешімін тапты, қарымды қаламгердің шығармашылығынан хабардар екендігін аңғартты.

Кіші бөлімнің кітапханашысы Әжғалиева Бибігүл Айболит кейпіне еніп, балаларға Корней Иванович Чуковскийдің «Доктор Айболит» кітабын ұсынып, ертегі бойынша пазл жинауға жұмылдырды. Кітапханашы Тайтинова Сания Көреген мысық рөліне еніп, жылдың маңызды оқиғаларына арналған қызықты кітап көрмелеріне шолу жасады, жас өрендерді кітапхана тақырыбына сурет салуға тартты.

Экскурсия соңына қарай кітапханашылар балаларға «Оқырманға арналған жадынама» бетбелгілерін таратты. Балалар жағымды әсерге бөленді, ең бастысы сан түрлі кітаптарға қызығушылық танытты. Бұл балалар болашақта біздің белсенді оқырмандарымыз болар деген үміттеміз.


Библиотека принимает гостей


Городская детская библиотека им. А. С. Пушкина вновь широко распахнула свои двери для юных читателей. В это раз в гости пришли воспитанники КГУ «Костанайский специальный комплекс «детский сад-школа-интернат для детей с особо образовательными потребностями № 2». Ребята совершили увлекательное путешествие в мир книг: познакомились с основными правилами пользования библиотекой, особое внимание было уделено экспонатам комнаты-музея им. А. Пушкина. Также детям рассказали о правильном обращении с книгами, как выбирать книги и как вести себя на абонементе и в читальном зале. Ребята узнали, что такое «абонемент», «читальный зал», «формуляр», что каждая книжка стоит на своем месте и по какому принципу книги располагаются в библиотеке. Увлекательной для детей стали загадки по сказкам Пушкина, в которых они смогли блеснуть своими знаниями о творчестве писателя, имя которого носит наша детская библиотека. Айболит (библиотекарь младшего отдела Ажгалиева Бибигуль) представил ребятам книгу Корнея Ивановича Чуковского «Доктор Айболит» и предложил собрать пазлы по сказке. По традиции ученый Кот (библиотекарь Тайтинова Сания) познакомил с интересными книжными выставками, посвященными важным событиям года и предложил нарисовать рисунок-впечатление о библиотеке. В завершении экскурсии библиотекари выдали ребятам закладку «Памятка читателя». В результате экскурсии ребята познакомились с библиотекой, получили массу приятных впечатлений, а главное проявили интерес к разнообразной литературе. Надеемся, что эти ребята и в дальнейшем будут нашими хорошими читателями.


6 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Наш телефон:

+7 (7142) 53-03-99

Наш адрес:

110000, Казахстан, г. Костанай, ул. Дулатова, 91 

bottom of page