top of page

"Жолдау болашаққа жетелейді"

Фото автора: ГДБ им. А. С. ПушкинаГДБ им. А. С. Пушкина

Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы


Қалалық балалар кітапханасында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 16 наурызындағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге бағытталған кездесу өткізілді. Іс-шараға «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Ахметчин Газиз Гумарович шақырылды, ол 8 сынып оқушыларын маңызды құжаттың мазмұнымен таныстырды.

Кездесу қонағы Жолдаудың негізгі бағыттарын атап өтіп, оның әрбір қазақстандықтың өміріне қатысы бар құжат екендігін аңғартты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық реформаларға тоқталып, саяси жүйені түбегейлі өзгерту үдерісі басталғанын баяндады. Конституциялық реформа мәселесі төңірегінде сөз қозғап, оның қазақстандықтардың болашағына деген ықпалын танытты.

Қатысушылар викторина сұрақтарына жауап берді, іс-шара қонағына сұрақтар қойды, барлық сұрақтарға толыққанды жауап қайтарылды.

Кітапханашы жаңа Қазақстанды құру үшін барлық жағдайлар жасалып жатқандығын жеткізіп, игі тілегін білдірді.


Новый Казахстан: путь обновления и модернизации


В городской детской библиотеке проведена встреча по разьяснению Послания Президента страны Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана от 16 марта 2022 года «Новый Казахстан: путь обновления и модернизации». Разъяснить основные положения столь важного документа – задача непростая, поэтому на встречу с учащимися 8 классов пригласили исполнительного секретаря партии «Аманат» Ахметчина Газиза Гумаровича.

В своей беседе гость озвучил основные направления Послания, отметил, что это документ, имеющий отношение к жизни каждого казахстанца. Рассказал о начавшейся кардинальной трансформации политической системы и социально-экономических реформах, направленных на реализацию концепции «Слышащего государства». Подробнее остановился на вопросе о конституционной реформе и ее влиянии на будущее казахстанцев.

В ходе мероприятия участники задавали вопросы, на которые получили исчерпывающие ответы, ответили на вопросы викторины.

Библиотекарь подчеркнула наличие всех условий для успешного строительства нового Казахстана и пожелала успехов руководству и народу нашей страны.

4 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Наш телефон:

+7 (7142) 53-03-99

Наш адрес:

110000, Казахстан, г. Костанай, ул. Дулатова, 91 

bottom of page