top of page

"Домбыра туралы аңыз. Легенда о домбре"

Фото автора: ГДБ им. А. С. ПушкинаГДБ им. А. С. Пушкина



Ғасырлар бойы көшпенді қазақ халқының мұңы мен зары, қуанышы мен күйініші, қайғысы мен қасіреті, аңсаған арманы, іздеген мұраты киелі домбыраның шанағынан күй болып төгіледі. Бүгінде де домбыра – қасиетті аспап, бұл ретте, елімізде Ұлттық домбыра күні аталып өтіледі.

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері мереке қарсаңында қала мектептерінің оқушылары мен ерекше білім беруді талап ететін балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін «Домбыра туралы аңыз» атты музыкалық саяхат ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Құрманғазының «Балбырауын», Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлері, «Жұлдыз» вокалды-домбыра студиясының орындауында «Кеңес» халық күйі шырқалды. Сондай-ақ, Ғ. Нұрсейіт «Ерке сылқым», «Көкеме хат», Т. Төкен «Подмосковные вечера» композицияларын орындады.

Жас өнерпаздардың домбырасынан ағылған сиқырлы әуендер қатысушылардың шабытына шабыт қосты, № 11 орта мектептің оқушылары Дарья Абдуманова мен Александра Жичаева қазақ тілінде домбыра туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып берді.

Іс-шара соңына қарай «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», М. Раштың «Киелі домбыра», О. Спановтың «Домбыра үйренейік», К. Әзірбаевтың «Жан серігім, домбыра» кітаптары ұсынылған «Сыңғырла, домбыра» атты кітап көрмесіне шолу жасалды, домбыра туралы қызықты бейнеролик көрсетілді.

Легенда о домбре

Домбра, веками сопровождавшая кочевников в быту и праздниках, помогала выражать мысли и переживания. Ее музыка раскрывала душу народа. Поэтому домбра стала символом культуры казахов. Инструмент в почёте у народа. В календаре есть особенный национальный праздник – День домбры. Накануне праздника в городской детской библиотеке им. А. С. Пушкина прошло музыкальное путешествие «Легенда о домбре» с участием детей городских школ и детского сада-школа-интернат для детей с особыми образовательными потребностями.

В ходе мероприятия были исполнены кюи Курмангазы «Балбырауын», А. Желдибаева «Ерке сылқым», народный кюй «Кеңес» в исполнении вокально-домбровой студии «Жұлдыз». Так же прозвучали и сольные композиции «Ерке сылкым»,«Көкеме хат» в исполнении Г. Нурсейит, «Подмосковные вечера» исполнил Т. Токен.

Пение юных вокалистов под чарующие звуки волшебной домбры создавало праздничную атмосферу, и побудило желание ученицсредней школы № 11 Дарьи Абдумановой и Александры Жичаевой продекламировать стихи о домбре на казахском языке.

В завершение мероприятия детям была представлена книжная выставка «Сыңғырла, домбра» с обзором книг «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», М. Раш «Киелі домбыра», О. Спанова «Домбыра үйренейік», К. Азирбаева «Жан серігім, домбыра», показан увлекательный видеоролик о домбре.

18 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Commentaires


Наш телефон:

+7 (7142) 53-03-99

Наш адрес:

110000, Казахстан, г. Костанай, ул. Дулатова, 91 

bottom of page