Би өнерінің шебері
А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында биші, хореограф, педагог, Қазақстанның Халық әртісі Жиенқұлова Шара Баймолдақызының туғанына 110 жыл толуына орай «Би өнерінің шебері» атты шағын көрме ұйымдастырылды.
Шара Жиенқұлова – қазақ халқының бишісі, педагог, Қазақ КСР Халық әртісі. Қазақстандағы би өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан, қазақ халық биін үлкен сахнада орындаған, сахналық образдардың ішкі жан сұлулығын бидегі пластикалық шешіммен шебер үйлестіре білген тұлға. Шара Жиенқұлова биші ғана емес, халық билерінің авторы.
Көрмеге кітапхана қорындағы әйгілі қазақ бишісінің өмірімен, қызметімен және би өнерінің қыр-сырымен таныстыратын басылымдар қойылды. Мәселен, Ш. Жиенқұлованың «Тайна танца» кітабында қазақ халқының билеріне сипаттамалар беріліп, суреттер, музыкалық туындылардың ноталары келтірілген.
Құрметті оқырмандар, Сіздерді кітапханамыздың оқырманы болуға және шағын көрменің материалдарымен танысуға шақырамыз!
В вихре танца
В ГДБ им А.С. Пушкина оформлена мини-выставка «В вихре танца», посвященная 110-летию со дня рождения танцовщицы, хореографа, педагога, Народной артистки Казахстана Шары Баймолдакызы Жиенкуловой.
Шара Жиенкулова – казахская танцовщица, педагог, Народная артистка Казахской ССР – «бриллиант» музыкально-пластического искусства. С неё начинается история казахской хореографии – она впервые исполнила казахский танец на большой сцене. Шара не просто танцевала, она создавала народные танцы. Она отличалась удивительной грацией, но особенно необычными были рисунок рук, говорящие движения пальцев, головы.
Экспонированные издания из фонда библиотеки рассказывают о жизни и деятельности знаменитой казахской танцовщицы, раскрывают богатый мир танца. В книге Ш. Жиенкуловой «Тайна танца» даны описания казахских народных танцев, иллюстрации к ним, нотные приложения музыкального оформления.
Уважаемые читатели! Приглашаем вас посетить библиотеку и ознакомиться с материалами мини-выставки.
Comments