top of page

Адам болсаң, артыңда ізің қалсын

Қазақ халқының көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері № 15 орта мектеп оқушылары үшін «Адам болсаң, артыңда ізің қалсын» атты ауызекі журнал өткізді.

Кітапханашы оқушыларды ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырды. А. Байтұрсынұлының қазақ халқының игілігі жолында аянбай еңбек еткен нағыз патриот екендігін жеткізді. Ауызекі журналдың әрбір парағында А. Байтұрсынұлының қырлары ашылды. Іс-шара аясында слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді, оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін оқыды.

Іс-шара соңына қарай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты тақырыптық көрмеге шолу жасалды.



 
 
 

Comments


Наш телефон:

+7 (7142) 53-03-99

Наш адрес:

110000, Казахстан, г. Костанай, ул. Дулатова, 91 

bottom of page