«Біз - бір ел, бір - халықпыз»
А С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасы 16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Біз - бір ел, бір - халықпыз» атты әдеби-сазды фестиваль ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жастарда Отансүйгіштік сезімді, қазақстандық патриотизмды тәрбиелеу. Фестивальге арнайы Қостанай қаласының №2 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары мен Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері шақырылды.
«Біз - бір ел, бір - халықпыз» атты әдеби-сазды фестиваль үш қазақ, орыс және а,ылшын тілдерінде өтті.
Іс-шара барысында кітапханашылар жас тәуелсіз мемлекеттің жеткен жетістіктері, Президент, Астана, «бір шаңырақ» астында түрлі ұлттар мен ұлыстар мекен еткен көпұлтты мемлекет туралы оқушыларға баяндап берді.
Түрлі концерттік нөмірлер әдеби-сазды фестивальге сән бере түсті: Құрманғазының «Адай» күйін «Жұлдыз». студиясының шәкіттері домбырада ойнап берсе, «Көк тудың желбірегені» патриоттық әні мен «Ассаламағалейкум» әнін Н. Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясының 3 Б сынып оқушысы Әбілмансұр Едіресов нақышына келтіріп орындап берді. Ю.Пак жетекшілік ететін «Узоры» би ұжымы «Аққу» биін биледі. Қостанай гуманитарлық колледжінің 3-курс студенті Ирина Феськова Станислав Тальновтың «Казахстан» деген өлеңін мәнерлеп оқып берді. Фестиваль соңында Қостанай қаласының №2 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Айдана Ахметова Қазақстанның спорттағы жетістіктеріне арналған «Чемпиондар» әнін екі тілде шырқады.
А С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасы өткізген «Біз - бір ел, бір – халықпыз» атты әдеби-сазды фестиваль оқырмандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, еліміздің жеткен жетістіктерін тағы бір тек қана басқаша сипатта баяндап берді.
Іс-шараға Елбасы Н.Напзарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша қалалық балалар кітапханасының қітап қорындағы материалдардан әзірленген «Ғасырларға тең жылдар, жүзжылдықтарға тең дәуір» деген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Comentários