top of page

Сейтжан Омаров

22 маусымда қазіргі Ақмола облысының Атбасар ауданындағы Керегетас ауылында туған.

  Атбасар қаласындағы жетіжылдық орыс мектебін (1927), арнаулы курсты (1930), Қостанайдағы мұғалімдер институтын бітірген. жолын ұстаздықтан бастаған, аудандық газетте редактор, облыстық газетте жауапты хатшы болған, республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жүлдыз» басылымдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген, «Жазушы» баспасында бас редактор қызметін атқарған. 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағындағы балалар мен жасөспірімдер әдебиеті кеңесінің төрағасы болды.

  «Бақыт» әңгімелер жинағынан (1938) бастап, «Қызыл арай» романына (1970) дейін отыздан астам кітап шығарған.

Шығармашылығының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Олардың біршамасы орыс тіліне аударылып, «Молодая гвардия», «Детская литература» баспаларынан шыққан. Сондай-ақ КСРО халық-тарының көптеген тілдеріне аударылган.

  Л. Толстойдың балаларға арналған әңгімелерін, В. Катаевтың «Жалғыз жалау жалтылдап», «Полк баласы» повестерін, С. Баруздиннің әңгімелерін, ағайынды Гриммдердің ертегілерін, башқұрт жазушысы С. Құдаштың повестерін, чех жазушысы Б. Немцованың «Алтын кітап», «Күміс кітап» ертегілерін тәржімалаған.

   Үлы Отан соғысының ардагері. Қызыл Жұлдыз, Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

Библиография:

  1. Бақытты өмірдің кілті неде? [Мәтін]: Омаров Сейітжан (1907-1985) // Балалар бағының бағбандары. - Алматы, 2009. - Б. 19-21.

  2. Жапсарбаева, Ж. Сейітжан Омаров (1907-1985) [Мәтін] / Ж. Жапсарбаева // Айгөлек. - 2007. - № 11. - Б. 6-7.

  3. Исабаева, Б. Сарыарқадан соққан самал [Мәтін] : жазушы, журналист, аудармашы Сейітжан Омаровқа 100 жыл / Б. Исабаева // Мектептегі кітапхана. Библиотека в школе. - 2007. - № 4. - Б. 5-10.

  4. Кәкішев, Т. Парасатты тұңғиық [Мәтін] : [Сейітжан Омаров] / Т. Кәкішев // Жалын. - 2009. - № 15. - Б. 28-29.

  5. Сәрсенбаев, Ә. Ел ағасы [Мәтін]: [Сейітжан Омаров] / Ә. Сәрсенбаев // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 28 қыркүйек. - Б. 7.

  6. Омаров Сейiтжан (1907-1985) [Мәтін] // Журегiңнiң жылуын кiтапқа бұр-2 (М-Я). - Алматы : С. Бегалин атындағы мемлекеттiк балалар кiтапханасы, 2009. - Б. 56-59.

  7. Омаров Сейiтжан (1907-1985) [Мәтін] // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. - Алматы, 2004. - Б. 239.

 

  1. Горы начинаются с подножий [Текст]: к 90-летию со дня рождения Сейтжана Омарова : беседа для уч-ся 7-9 кл. / ГРДБ Казахстана им. С. Бегалинга. - Алма-Ата, 1987. - 5 с.

  2. Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник / гл. ред. К. Т. Байгабулова. - Алматы: Аруна Ltd., 2010. - С. 378-379.

  3. Омаров Сейтжан (1907-1985) [Текст] // Положи свое сердце книгам : писатели Казахстана - детям и взрослым. - Алматы: ГДБ им. С. Бегалина, 2007. - Вып. 2 (Н-Я). - С. 12-15.

  4. Омаров Сейтжан [Электронный ресурс] // kazinform : сайт. - Режим доступа: http://www.inform.kz/rus/article/2321988 (04.07.2016).

bottom of page